2005-2010 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің даму серпіні

«Кәсіпкерлік» ұғымының терминологиялық мәні мен мазмұны экономикалық даму барысында үнемі өзгеріп, реттеліп отырды.  Кәсіпкерлік, жалпы алғанда, адамның әрбір ісімен байланысты. Яғни, кез келген адамның «бүгініне» өзгеріс енгізуге, болашақта өз мақсатына жетуге бағытталған әрбір әрекетінде кәсіпкерліктің элементі болады.

А. К. Кантарбаеваның пікірі бойынша, «бұл анықтама, бір қарағанда, тым кең ауқымды болып көрінуі мүмкін және ол әдеттегі сөз қолданысына лайық емес. Дегенмен, бұл «кәсіпорын» (исп, empresa) терминінің бастапқы этимологиялық мағынасымен дәлме-дәл келеді. Испандық empresa сөзі сияқты, оның француз және ағылшын тіліндегі entrepreneur деген баламалары латынның in prehendo-endi-ensum деген етістігінен туындаған. Бұл табу, көру, қабылдау, түсіну, ұғу дегенді білдіреді; ал, латын тіліндегі in prehensa етістігі алу, ұстау деп аударылады. Басқа айтқанда, empresa — әрекеттің синонимі». [1, 72 б].

Мухамеджанов Б. А.: «Францияда entrepreneur термині ежелден, атап айтқанда, Жоғарғы Орта ғасыр кезеңінен бері осындай ойды білдіріп келген. Сол кездері соғыспен байланысты маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін немесе зәулім кафедралдық шіркеулердің салынуы үшін жауапты адамдарды осылай атайтын.» — деп атап өтеді. [2, 8 б.].

Испан тілінің Корольдік академиясы сөздігі empresa сөзінің «ауыр әрі қиын істі батылдықпен мойынға алу» деген мағынаны ұсынады. [3, 452 б.] Еmpresa сөзі де қолданысқа Орта ғасырларда енді. Кейбір серілік (рыцарлық) ордендердің эмблемасы осылайша аталған. Бұл олардың белгілі бір маңызды әрекетін жүзеге асыратыны туралы ант бергендігін білдірген болатын. Кәсіпорынның әрекет ретіндегі тұжырымы ізденуге, жаңалық ашуға жаңа мақсат қойып, құралдар даярлауға  үнемі дайындық үстінде болуға нұсқайтын тапқырлықпен тікелей байланысты.

Кәсіпкерлік, қатаң мағынасында, мақсатқа жету мүмкіндігін ашып, оны қабылдау немесе біздің ортамызда туындайтын осы мүмкіндіктерді қолдану үшін әрекет етуден пайда немесе кіріс алуға негізделеді.

Туржанов С.А. «кәсіпкерліктің айқындалуы ерекше сақтықпен, яғни,адамға айналада болып жатқанның барлығын ұғынып, тез меңгеруге мүмкіндік беретін үнемі қырағылықпен байланысты» — деп болжайды.[4,13б.] Бәлкім Туржанов С.А. alertness деген ағылшын терминін (қырағылық, сақтық) қолдануының себебі, Еуропалық континенттің роман елдеріне қарағанда, француз тілінен (француз тілінде entreprenante сөзі «тапқыр, батыл» дегенді білдіреді) туындаған entrepreneurship сөзі  ағылшын оқырманы үшін prehendo идеясы туралы білуіне мүмкіндік бермейтіндіктен болар.

Қайткенде де, испандық perspicaz (алғыр, зерек) сын есімі кәсіпкерлікке айтарлықтай лайық келеді. Себебі, испан тілінің Корольдік академия сөздігі  бойынша бұл сөз «көрегенділік және мұқияттылық»  деген мағынаны береді. [3, 454 б]. Сондай-ақ, speculator (спекулянт, ойшыл) термині этимологиялық тұрғыдан алғанда латынның specula сөзінен шыққан. Жақындап келе жатқанның барлығын алыстан көруге мүмкіндік беретін мұнараларды осылай атаған болатын.

Бұл мағыналар кәсіпкердің қандай әрекет жасау керектігі жайлы шешім қабылдағанда, осы әрекеттердің болашақтағы тиімділігін бағалап, оларды жүзеге асырған кездегі әрбір қимыл-әрекеттерімен тікелей байланысты.

Әдетте, кәсіпкерлікке қызыға бастаған алғашқылардың бірі А. Смит болды деп саналады. Алайда, одан он жыл бұрын бұл мәселелермен Р. Кантильтон жіті айналысқан болатын. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырмашылықтың нарықтық қатынастың жеке субъектілеріне тауарды арзанырақ сатып алып, оларды қымбатырақ сатуға мүмкіндік береді деген тезисті қалыптастырған Р. Кантильтонның өзі болған. Сондай-ақ, осы нарық субъектілерін кәсіпкерлер деп атаған да сол [5].

Қазіргі экономикалық әдебиетте кәсіпкерліктің мәнін айқындайтын нақты анықтама жоқ. Көп жағдайда бұл құбылыстың мәні кәсіпкерліктің мақсатымен ауыстырылып жіберіледі.

Мысалы, А.Н.Азрилиянның ортақ редакциясымен шыққан үлкен экономикалық сөздiкте келесiдей анықтама берiледi: «Кәсiпкерлiк – азаматтардың пайда табуға немесе дербес табысқа бағытталған ынталы дербес қызметі. Ол оның мүлiктiк жауапкершiлiгi негізінде және заңды тұлғаның заңды жауапкершілігі негізінде жүзеге асады. [6].

Қазақстандағы кәсiпкерлiк жоғарғы деңгейге жетті. 2001 жылдан 2010 жылға дейін шағын бизнесінің құқықтық-ұйымдастыру құрылымындағы заңды тұлғалар үлесі 1,9 есеге азайды, ал, жеке кәсіпкерлер үлесі 1,5 есеге артты. Осыған қарамастан, шағын бизнес субъектілерінің өндірген өнімдері 4 есеге артты.

Кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санындағы шағын бизнес үлесі бойынша Қазақстан дамыған елдермен тең түсті, алайда, шағын бизнес тиімділік көрсеткіші бойынша айтарлықтай артта қалып отыр. Қазақстандағы шағын бизнестің өнімділік үлесі – 22,9%, Польшада — 49%, Германияда — 82%, АҚШ-та — 103%. Бұл тарихи, геосаяси, макроэкономикалық сипаттағы объективті себептермен де, заң шығару, мемлекеттік саясат, заң қолдану тәжірибесі, жергілікті әкімшілік жағдайларымен де негізделген. Зерттеу барысында жете зерттелген, қалыптасқан сана стереотипі де маңызды рөл атқарады. Шағын бизнес ортасында нақты стереотип тұрақты түрде басым тұрады. Ол бойынша, мемлекеттік саясат құрылғысы мен қағидалары айтарлықтай бұрмаланады, кейде тіпті жергілікті деңгейде еленбей де қалады.

Ғылыми жұмысының тақырыбы аясында шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің санын ғана қарастырған жөн.

1-сурет  – Шағын және орташа бизнестің белсенді субъектілерінің серпіні

 1-суретте көрсетілгендей,  белсенді жеке кәсіпкерлер саны 2005жылы 297 234-тен 2007 жылы 415 709-ға дейін және 2010 жылы 432 729-ға дейін өсті.

Белсенді жеке кәсіпкерлердің көбею серпіні жеке кәсіпорынды тіркеу Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қарағанда жеңілірек әрі арзанырақ түсетіндігімен негізделеді. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлердің салық салуы да заңды тұлғалардың салық салуына қарағанда оңайырақ келеді. Сонымен қатар, Жеке кәсіпкерліктің шағын бизнестің заңды кәсіпкерлігі айналысатын істерінің кез келгенімен айналысуына құқығы бар.

Шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары шағын бизнестің айтарлықтай тұрақты формасына ие болып табылады. 2005 жылдан бергі уақытта шағын және орташа бизнестің белсенді заңды тұлғаларының саны 50 612-ден 2010 жылы 73 449-ға дейін өсті. 2010 жылдың ішінде шағын және орташа бизнестің белсенді заңды тұлғаларының саны 12 848-ге немесе 21,2  %-ға артты. Бұл дамыған елдер деңгейімен есептегеннің өзінде өте жақсы көрсеткіш болып саналады.. Дамыған елдерде өсім жылына  5%-дан асар емес. Белсенді заңды тұлғалар санының артуы жеке кәсіпорынның біраз бөлігінің күрделірек заңды формаға ауысуымен, сонымен қатар, Кеден одағын құрумен негізделеді. Біріншіден, Кеден одағын құру және өзге мемлекеттермен кедендік шекарадағы шарттарды қатайту кәсіпкерлерді осы мемлекеттерден өз бизнестерін Қазақстанға ауыстыруға мәжбүрледі. Екіншіден, Ресей Федерациясының кәсіпкерлері Қазақстан Республикасында кәсіпорынды жақтайтын және қолдайтын шарттарды мақұлдайды.

2007-2010 жылдары белсенді шаруашылықтың өсу деңгейі төмендеді.Белсенді шаруашылық саны 2005 жылы 156 978-ден 2006 жылы 163 721-ге дейін және 2007 жылы 169 326-ға дейін артты, ал, 2007 жылы белсенді шаруа шаруашылығы 2008 жылы тек 169 481-ге және 2010 жылы 170 091-ға дейін ғана өсті. Яғни, 2009 жыл ішіндегі белсенді шаруашылық өсімі тек 145 субъектіні, ал 2010 жылғы қысқару 102 кәсіпорынды құрады. Бұл Қазақстан жеріндегі агроқалыптастыруды ірілендіру үдерісімен  негізделген.

Шағын және орташа бизнес секторының құрылымын қарастыру мақсатымен алдыңғы жылға қатысты субъектілердің салыстырмалы салмағындағы өзгерістер көрсетілген 1-сараптамалық кестені құрамыз.

1-кесте

Шағын және орташа бизнес секторы құрылымының серпіні

Шағын және орташа бизнестің заңды тұлғаларының салыстырмалы салмағы 2010 жылға дейін айтарлықтай өзгеріске ие емес. 2005 жылы заңды тұлғалар үлесі 10%, 2007 жылы — 8,7%, 2009 жылы – 9,2%, ал 2010 жылы – 11,0%-ды құрады.Бұл тек шағын бизнесті мемлекеттік қолдаумен ғана емес, посткеңестік кеңістік территориясындағы ШОК дамуына қолайлы жағдайлар жасаумен ғана емес, сондай-ақ  жеке кәсіпкерлердің шағын және орташа бизнестің күрделірек түріне ауысуымен де негізделеді.

Кәсіпкелердің салыстырмалы салмақтық өсуі бақылауға алынды. 2005 жылы 58,9%-дан 2007 жылы 64,4%-ға, 2007 жылы 64,9%, 2009 жылы 65,0%, 2010 жылы 64,8%-ға көбейді. Алдағы уақытта шағын және орташа бизнес құрылымындағы жеке кәсіпкерлер үлесінің төмендеуі мүмкін екендігін болжауға болады. Бұл жеке кәсіпкерлердің шағын бизнестің заңды тұлғаларына ауысу тенденциясымен түсіндіріледі.

Бүгінше, ауыл шаруашылық саласында ауыл шаруашылық құрылымын ірілендіру ісі болжалуда, себебі, шағын кәсіпорындарға ауылшаруашылық өнімдерді өндіру, әсіресе, бидай мәдениетін шығару тиімді емес. Ауыл шаруашылығының көбісі өздерінің өнімдерін түрлендіруге және өнімнің бәсекеге қабілеттілігі бір өзі жоғарылата алмайды. Сондықтан, ауыл шаруашылығының салыстырмалы үлесі 2005 жылғы 31,1%-дан 2007 жылы 26,4%-ға дейін және 2010 жылы 25,6%-ға дейін төмендеді. Негізінде, Қазақстан Республикасының оңтүстік облыстарында крестьяндық шаруашылық  қалады, себебі, ол жерде көкөніс, жеміс-жидек, т.б. өсіру мақсат етілген.

ШОБ белсенді субъектілер санының серпінін 3-суретте көруге болады.

2-сурет – ШОБ белсенді субъектілері санының өзгеруі

Осылайша, ШОК субъектілерінің жалпы саны бойынша жеке кәсіпкерлер үлесі 2010 жылы 64,8%, фермерлік шаруашылық- 25,5%, шағын және орташа кәсіпорынның заңды тұлғалары — 11,0%-ын құрайды. Шағын бизнес кәсіпорындағы жұмыс істейтін адамдар санын қарастырайық. Бір қызығы – қаржы дағдарысы ШОБ қызметкерлеріне қалайша әсер еткен екен деген сұрақ туындайды. Жұмысшылардың тізімдік саны – келісімшарт бойынша азаматтық-құқықтық сипаттағы жұмыстарды атқаратын тұлғалардан басқа келісімді бекіту мерзімінен тәуелсіз жеке еңбек келісім бойынша жұмысқа орналасқан тұлғалар саны.

3-суретте жеке кәсіпкерлердегі жұмысшы саны әлемдік қаржылық дағдарысқа қарамастан өсіп жатқандығы көрініп тұр.

3-сурет – шағын бизнестің белсенді субъектілерінің саны, мың адам.

 3-сурет көрсетіп тұрғандай, ЖК-де 2005 жылы 571,6 мың адам жұмыс істесе, онда 2007 жылы 733,5 мың адам, 2010 жылы 817,9 мың адам жұмыс істеген. Сондай-ақ, әсіресе ЖК-гі зерттелу периоды барысында шағын бизнестің өзге формаларының қызметкерлерінен айтарлықтай озады. Демек, бұл – соңғы 6 жылда жеке кәсіпкерлік Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйенің маңызды бөлігіне айналды дегенді білдіреді. Жеке кәсіпкерлік, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық дағдарысты тұрақтандырудың мықты құралы болып табылады.

Шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларының кері жағдайы да болжалуда. Экономикалық өсу кезінде жұмысбастылар саны 2005 жылы 533,8 мың адамнан, 2007 жылы 585,9 мың адамға артты, ал 2008 жылы қызметкерлер саны 464,6 мың адамға дейін азайды. Дағдарыстан шығып, Кеден одағын салғалы бері шағын кәсіпкерліктегі белсенді заңды тұлғалар саны 2009 жылы 551,3 мың адамнан, 2010 жылы 580,2 мың адамға дейін артты. Антикризистік бағдарлама нәтижесінде заңды тұлғалар саны  2010 жылы 580,2 мың адамға артты немесе қосымша 28,9 мың жұмыс орындары жасалды.

Фермерлік шаруашылық қаржы саласындағы мәселелерге жағымсыз көзқараста болды және мұнда жұмысшылар орнының 2005 жылғы 504,7 мың адамнан 2005 жылы 433 мың адамға дейін қысқарады деген болжам бар. 2010 жыл бойына 2009 жылмен салыстырғанда фермерлік шаруашылықта жұмыс жасайтын адамдар саны 32,8 мың адамға азайды.

ШОБ-тегі тұрғындар үлесі 2010 жылдың соңына қарай жұмыс істеушілер саны 26%-ды ғана құрайды (2 млн адамнан астам)

Жұмыспен қамтылған тұрғындар санының өсуі – бір жылда 4-5% , 2015 ж.ШОБ үлесі жалпы жұмысшылардан 35%-ын құрайды.

Сайып келгенде шағын кәсiпкерлiктiң ең тұрақты дамыған формасы жеке кәсіпкерлік болып табылады, Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесiне маңызды рөлге ие болуда деген қорытындыға келуге болады.

 4-сурет – ШОБ-тің ЖІӨ-мен үлесі

 4-суретте көрсетілгендей, ШОБ өнімінің салыстырмалы салмағы 2008 жылы 15%-дан 2009 жылы 17%-ға, 2010 жылы 18%-ға дейін төмендеуде. Сараптама үшін нақты ЖІӨ туралы мәліметтер мен шағын және орташа бизнес кәсіпорындары өндіретін өнімнің нақты көлемі анықталып алынды.

ШОБ ЖІӨ елдеріне шығарылатын өнімнің үлесі 18% (2,9 трлн тенгеден астам) деңгейінде. Орташа мезгілде (2015 ж дейін), алдағы уақытта ШОБ ерекше көрсеткіштерінің жоғарылауы күтілуде. ШОК өнімін шығару — 24%-ға дейін өсуі болжалады.

5-сурет – 2010 жылдағы  ШОБ ерекше көрсеткіштері

 5-суретте салалық бөлімдерге бөлініп көрсетілген.

- Өнеркәсіптік және құрылыс ШОБ.

- ШОБ субъектілері саны 7%-ын алып, өнімнің 25%-ын қамтамасыз етеді.

- ауыл шаруашылық ШОБ тұрғындардың жұмыспен қамтылуында айтарлықтай маңызды рөл атқарады.

6-сурет — Қазақстандағы және дамыған елдердегі ШОБ салыстырмалы анализі

 6-суреттегі Қазақстандағы және дамыған елдердегі ШОБ салыстырмалы анализі ЖІӨ, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы сияқты көрсеткіштер бойынша артта қалып отырғанын ккөрсетеді.Жыл сайынғы ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемінің үлесі ЖІӨ-нің 43%-дан (Канада) 57% -ын (Германия) құрайды, Қазақстанда оның ұш есеге дейін төмен және 18%-ын ғана құрайды. ШОБ секторындағы жұмыспен қамтылған тұрғындар үлесі бойынша еліміздегі көрсеткіштер дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен: соңғы 5 жыл бойы Қазақстанда бұл көрсеткіш 23% деңгейінде, ал дамыған елдерде — 47% (Канада) және 75% (Жапония) аралығында тұр.

Салалық құрылым бойынша Қазақстанның ШОБ секторы да шетел аналогтарынан дәл осындайайырмашылыққа ие.

7- сурет. – Қазақстанның ШОБ секторын өзге дамыған елдермен салалық тұрғыдан салыстыру

 7- суретте Қазақстанның ШОБ шамамен 40%-ы көтерме және дара сауда саласында қызмет етеді, ал ауыл шаруашылығында 20%-дан астаы істейтіндігі көрсетілген.  АҚШ-та шағын және орта бизнес құрылымы өзгеше: қызмет көрсету саласы айтарлықтай басым (58%),  20%-дан астам адам құрылыс және сауда салаларында қызмет етеді. Еуропа елдерінде де ШОБ-ның айтарлықтай басым саны қызмет көрсету саласына бағытталған: Ұлыбританияда — 23%, Польшада — 35%. Ұлыбританияда ШОБ секторы диверфикацияланған. Субъектілердің  21%-ы құрылыс саласында негізделген  12% — ы – саудаға, 7% — ы өнеркәсіпте, 27% — ы жылжымайтын мүлік және қаржы қызметінен құралатын өзге салаларда қызмет етеді.

Халық шаруашылығы дамып, экономикалық өркендеу кезінде, өңдірістің негізгі түйіні — кәсіпорынның мәні, маңызы тереңдеп, атқаратьш рөлі арта түседі. Кәсіпорын нарықтық экономика жағдайында алға қойған мақсатын орындау жолында, төмендегі өндіріс факторларын тиімді пайдалану арқылы, мол табысқа кенелмек[8, 124 б.]. Оларға: еңбек ресурстары, техника, өнім өндіру технологиясы, табиғи ресурстар, өндірістің негізгі және айналым құралдары, капитал және т.б. жатады. Сонымен қатар кәсіпорын қызметі еңбек ресурстарьш жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орын-дарын ұйымдастыру арқылы қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге өзінің үлесін қосады.

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 1 Кантарбаева А.К. Предпринимательство: институционально-эволюционный подход. Алматы: Раритет, 2000. — 200с. -  С. 72-73.
2 Мухамеджанов Б. А., Исенов М. А. Малый бизнес требует уважения //Казахстан: Экономика и жизнь. – 2009. — №2. – С.10.
3 Словарь Королевской академии испанского языка. Испания. — 1951 — 983 с.
4 Туржанов С.А. Малый и средний бизнес: проблемы развития, поиск решений. Алматы, 2005. — 244 с. – 32 с.
5 Кантильон Ричард // Большая советская энциклопедия / Под редакцией А. М. Прохорова. — 3-е издание. — М.: Советская энциклопедия, 1969-1978.
6 Большой экономический словарь — М.: Институт экономики, 1994. — 313 с.
7. www.stat.kz Официальный сайт Агентства статистики Республики Казахстан, отчетные данные по развитию малого и среднего бизнеса в Республике Казахстан за 2010 год
8. Оразалин К.Ж Кәсіпорын экономикасы: Тәжірибе сабағына арналған оқу кұралы. Алматы, ТОО «Издательство LEM», 2007. -296 б.

 

No related posts.

This entry was posted in Государство, Общество, Экономика and tagged , , , , . Bookmark the permalink.