Читаем, запоминаем, отслеживаем. )))
Құрметті Мәжіліс және Сенат депутаттары!
Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында жылдар бойғы оңтайлы үдерістердің қалыптасуы Парламентіміздің жұмысымен де тікелей байланысты екенін ерекше атап өткім келеді. Парламент алдағы уақытта да осы қарқыннан таймай, халық өкілі ретіндегі өз міндетін абыроймен атқаратынына сенімдімін. Қазіргі таңда біз дамудың ең шешуші сатысы — «Қазақстан 2050» Стратегиясын жүзеге асырудамыз. Бұл құжатты заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету сіздердің айрықша міндеттеріңіз болып табылады. ~ read more ~